Протозанов және Космическая көшелеріндегі балабақшалар биыл ашылады - Өскемен
Шартты сурет
Протозанов және Космическая көшелеріндегі балабақшалар биыл пайдалануға беріледі.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, типтік балабақшалардың ғимараттары кәсіпкерлерге сенімді басқаруға беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетсек, Протозанов, 37 және Космическая 6/3 мекенжайларында орналасқан типтік балабақшалардың бұрынғы ғимараттары өткен жылы босатылған болатын. Ғимараттар ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келген. Биыл мұнда көп жылдардан кейін қайта бүлдіршіндерді қабылдай бастайды.
Сонымен қатар, қаңтар айында Челюскин көшесіндегі жаңа балабақша да дайын болды. Ол да бұрын мектепке дейінгі білім беру мекемесі орналасқан ғимаратта ашылып отыр.
Жалпы алғанда, бұл 660 жаңа орын – бүгінгі таңдағы кезектің 15 пайызы екен.
Әкімнің айтуынша, алдағы екі жылда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 1290 орындық жаңа балабақшалардың құрылысы бойынша тағы бес жоба қарастырылып жатыр.