KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Жарма ауданында 48 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі

26.09.2020, 05:53 138

ШҚО-дағы Жарма ауданының тұрғындары жыл соңына дейін 96% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жыл қортындысы бойынша, Жарма ауданындағы 50 елді мекеннің 48-і сапалы ауыз сумен қамтылады.

Аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраевтың айтуынша, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Аршалы, Кіші Қарасу, Қапай батыр ауылдарына су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 835 млн.теңге бөлінген. Су құбырлары торабының жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайды.

Қапай батыр мен Аршалы ауылдарында атқарылып жатқан осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жыл соңына дейін аяқталады.

Бұдан бөлек, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен  Қапанбұлақ, Кеңтарлау, Қоңырбиік, Балықтыкөл ауылдарына блоктық-модульлік стансалар салынуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив