Ауыл тұрғындарының 80 пайызы таза ауыз сумен қамтылады – Даниал Ахметов
Жыл соңына дейін Шығыс Қазқстан облысындағы ауыл тұрғындарының 80 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша, осы мақсаттағы жобалар 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде өңірдегі 209 ауылға су құбыры тартылды. Іске асырылып жатқан 88 жобаның ішінде жыл соңына дейін сумен жабдықтау бойынша 41 жоба аяқталады. Сондай-ақ 51 блокты-модульді станция орнатылады деп жоспарланған. Бұл дегеніңіз 21 мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деген сөз.
– Жалпы бұл мақсаттағы жобаларға 80 миллиардтан астам теңге бөлінді. Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету осы жылдың соңына дейін 77,5 пайызға жетеді. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасатын болады, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.