KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Өскеменде Абай өлеңі жазылған аялдамалар орнатылып жатыр

23.08.2020, 03:21 610

Өскемендегі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына Абай өлеңдері жазылған аялдамалар орнатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омар жұмыс барысымен танысты. Даңғыл бойына түр-түсі бірдей 8 аялдама орнатылады: жетеуі – 5 метрлік, 10 метрлік бір аялдама «45-гастрономға» қойылады.

Кеше жұмысқа кіріскен мердігерлер келесі аптаға дейін аялдамалар толық орнатылады дейді.

Естеріңізде ме, Катонқарағайға еліміздің түкпір-түкпірінен суретшілер арнайы келіп, Алтайдың табиғатын кескіндеген. Сондағы картиналарды аялдамаларды сәндеуге пайдалануға болады. Абай өлеңімен де әдемі астасар еді. Сондай-ақ қала тұрғындары Шығыс өңірінің ең бір тұмса табиғатын күнде тамашалап жүрер еді, – деді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу