Өскемен көшелеріне 17 мың шам орнатылады
Өскемен көшелеріне 17 мың шам орнатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Келесі жылдан бастап қаланы жарықтандыру жұмыстары қайта қарқын алады. Естеріңізде болса, өткен жылы облыс орталығына 511 шам орнатылған болатын. Алайда осыған қарамастан тұрғындардың көшелерді жарықтандыруға байланысты арыз-шағымы азаймады. Енді бас шаһарға 17 мың жаңа шам қойылады. Ал ескі шамдар шағынаудандарды жарықтандыратын болады.
– Қазір қала көлемінде 17 мың шам орнатуға байланысты бельгиялық компаниямен конкурс жүріп жатыр. Әзірше конкурстың аяқталуын күтуіміз керек. Ал нақты жұмысқа келесі жылы кірісуді жоспарлап отырмыз. Ескі шамдарды Согра, Меновное, Прохладная сынды шағынаудандарға орнатамыз, – деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.