KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шалғайдағы ауыл балаларына интернат ашылады - Бесқарағай

7.08.2020, 04:24 126

Әкімдік резиденциясын білім бөліміне берді. Осылайша аудан тарихында алғаш рет Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің жанынан шалғайдағы ауыл балаларына арналған интернат ашылатын болды.

Бұл туралы аудан әкімі Шалқар Байбеков инстаграм парақшасында мәлімдеді. Бесқарағай ауданында 21 мектеп, 2 мемлекеттік және 2 жеке меншік балабақша, 2 қосымша білім беру мекемесі бар. Бұл интернат Бесқарағай ауылы, Елистратов көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан әкімдік резиденциясында орналаспақ.

- 2020 жылдың 5 тамызында мен Бесқарағай ауданы әкімдігінің резиденциясын "Бесқарағай ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беру туралы бұйрыққа қол қойдым. Ғимарат біздің ауданда интернат үшін барлық санитарлық нормалар бойынша қолайлы жалғыз ғимарат болып табылады. Жалпы ауданы - 280 шаршы метр, ғимарат толығымен қоршалған, бұл қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді, - деді аудан әкімі.

Шалқар Байбеков айтқандай, бұрын бұл резиденция ауданға келген қонақтарды қарсы алуға арналыпты. Бірақ соңғы 9 айда бұл жерде ешқандай да кездесулер өткізілмекті.

Жалпы білім беретін мектеп жанынан интернат ашу, тиісті білім беретін мектептері жоқ және халық саны аз елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді. Мектеп-интернатты материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жағдай жасау, жарақтандыру мен жабдықтауды балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Интернатта тұру және тамақтану бойынша барлық шығындар мемлекет есебінен болады, бұл әр баланың кепілдендірілген тегін білім алу құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу