Бесқарағай ауданында оқушылар компьютерлермен толық қамтылады
Ауданның орта мектептерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ағымдағы жылы қашықтықтан оқыту үшін аудандық бюджеттен 31,7 млн. теңге сомасына 176 компьютер сатып алынды. Сондай-ақ, ШҚО білім басқармасының желісі бойынша, тағы 186 ноутбук сатып алу жоспарлануда екен.
Бұл туралы аудан әкімі Шалқар Байбеков мәлімдеді.
- Осылайша, біздің ауданда қашықтықтан оқытуды өткізу үшін оқушыларды қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілетін болады. Ұйымдастыру техникасы бірінші кезекте әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға берілетін болады. Балалар ересектердің қамқорлығы мен назарын сезінуі керек. Біз оқыту нысанына қарамастан сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға міндеттіміз, - дейді аудан басшысы.