Бесқарағай ауданында 36 отбасы жаңа үйге қоныстанады
Биыл Бесқарағай ауданында тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар белсенді қарқынмен жүргізілуде. Жалпы, 2020 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан 36 отбасы жаңа үйлерге қоныстанады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Шалқар Байбеков мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 10 көп балалы отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталған болатын. Қазіргі уақытта Әуезов көшесінде тағы 5 екі пәтерлі (барлығы 10 пәтер) және Қайырбаев көшесінде 8 үйдің (16 пәтер) құрылысы жүріп жатыр. Оларды қараша айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
- Ауданда тұрғын үй құрылысын жандандыру біздің халықтың тұрғын үй мәселесін айтарлықтай шешуге көмектеседі, - дейді аудан басшысы.