Бесқарағайда шалғайдағы ауыл балаларына интернат ашылады
Бесқарағай ауданында шалғайдағы ауылдардың балаларына арналған интенат ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Интернат Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің жанынан ашылмақ. Осы мақсатта әкімдіктің резиденциясы білім бөліміне берілді.
- Ғимарат біздің ауданда интернат үшін барлық санитарлық нормалар бойынша қолайлы жалғыз ғимарат болып табылады. Жалпы ауданы - 280 шаршы метр, ғимарат толығымен қоршалған, бұл қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді, - дейді аудан әкімі Шалқар Байбеков.
Бұрын бұл резиденция ауданға келген қонақтарды қарсы алу үшін пайдаланылған. Бірақ соңғы 9 айда барлық кездесулер жұмыс тәртібінде әкімдік ғимаратында жеке кабинеттерде өткізілген.
- Жалпы білім беретін мектеп жанынан интернат ашу, тиісті білім беретін мектептері жоқ және халық саны аз елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді. Мектеп-интернатты материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жағдай жасау, жарақтандыру мен жабдықтауды балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, - деді аудан басшысы.
Интернатта тұру және тамақтану бойынша барлық шығындар мемлекет есебінен болады екен.