Тұрғын үйдің құрылысы 27 қарашаға дейін аяқталады - Бесқарағай
Бүгінгі таңда Бесқарағай ауданында екі пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Шалқар Байбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлердің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында жеке инвестормен меморандум жасалған екен. Осы меморандум аясында құрылыс салушы жұмыстарды 2020 жылдың 27 қарашасына дейін аяқтауға міндеттелген.
Аудан басшысының айтуынша, бұл тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдарға берілетін болады.