KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег жел 1 м/с, СБ
505.71 591.43 6.65

Өскеменде 14 жастағы жеткіншек жоғалып кетті

25.07.2020, 04:32 1 279

Өскеменде 14 жастағы жеткіншек жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Есжан Мақсұт 18 шілде күні 19-шағынауданда (КШТ), «Достық» сауда үйінің маңында орналасқан үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз. Туыс-туғандары полицияға және LIDER.KZ еріктілеріне хабар берген екен.

Жоғалған күні үстіне ақ футболка, көк джинсы шалбар және ақ кроссовка болған. Он төрт жаста ғана болғанымен, бойы 165-170 сантиметр.

Есжанның туыс-туғандары көрген-білген жандардың 102-ге немесе 8-771-466-54-38 нөмеріне қоңырау шалып, хабар беруін өтінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу