Семейде 19 жастағы қыз бала жоғалып кетті
Семейде 19 жастағы қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
LIDER.KZ еріктілер тобының ақпаратына сүйенсек, Айым Камзаева Кабельный тұйық көшесінде бесінші үйде тұрған. 3 мамыр күні үйден шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз. Үстінде ашық түсті джинсы, қара жейдесі болған. Бойы – 165 сантиметр. Қоңыр көзді, шашының түсі ашық. Ұялы телефоны, жеке куәлігі, банктік карталары жанында болған.
Айымның жақындары көрген-білген жандардың 8-747-349-57-17 немесе 102 номеріне хабар беруін өтінеді.
Оқи отырыңыз