ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Естеріңізге салайық, бұған дейін Үржар ауданының санитарлық дәрігері Алакөлге баруға тиім салған еді. Ал жаңа құжат бұл қаулының күшін жойды. Енді отбасы мүшелерінің бірі ПТР тест тапсырғаннан кейін демалыс базасына бара беруге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Құжаттың толық мәтіні:
Үржар ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 «Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы» қаулысының күшін тоқтата тұру туралы
№ 18
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 24 шілде Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:
«Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы» Үржар ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 қаулысын;
Шығыс Қазақстан облысында, оның ішінде Үржар ауданында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150-бабы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 65 бабы негізінде,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылғы 24 шілдеден бастап «Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы» Үржар ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 қаулысының қолданылуы тоқтатылсын.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі облыс және Үржар ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
2. Үржар ауданының әкіміне, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдарға, жеке және заңды тұлғаларға, Үржар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына:
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2010 жылғы 01 маусымдағы № 12 қаулысының орындалуын қамтамасыз ету.
3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов