KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

«Жасыл ел». Катонқарағайлық жастар жұмысқа кірісті

22.06.2020, 10:30 377

Аудан орталығында таңертеңнен ауылдық әкімдіктен орталыққа бет алған бір топ жастарды кезіктіруге болады. Бұл «Жасыл ел» бағдарламасының қатысушылары – жоғары сынып оқушылары мен агротехникалық колледж студенттері. Ауылдық әкімдіктегі мамандардан тапсырма алған соң, олар ауылды абаттандыру жұмыстарына аттанады.

Мектеп оқушылары, студент және жұмыссыз жастардың маусымдық жұмысқа орналастыруға бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасын ауданымызда жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі Р.Т.Құрмамбаев биылғы жазғы маусымға 100 орынға арнайы квота бөлді. Маусымның басында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарына 50 адам кіріп, жұмысқа кірісті. Аудан орталығында бағдарламаның бірінші легінде 20 адам қатысуда. Ол 17 шілде дейін жалғасады.

Еске салып өтейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы құрылған болатын. Ол өз қатарына мыңдаған жас қазақстандықтарды қосты. Бүгінде «Жасыл ел» штабтары еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істеп тұр.

Аудандық штаб өкілдерінің мәлімдеуінше, «жасылелдік» жастармен еңбек шарттары жасалып, атқарылатын жұмыс көлемі, төленетін еңбекақылары келісілген. Биылғы жылы олардың істеген жұмыстарының ақысы 70 мың теңгені құрап отыр. Оның жартысын жастарға жұмыс беруші тарап – аудандық Жастар ресурстық орталығы, екінші жартысын «Жасыл ел» республикалық штабыны облыстық филиалы төлеп бермек.

"Жасыл ел" сарбаздары жаз уақытында қосымша табыс көзін ғана тауып қоймай, сонымен бірге, ең бастысы, туған өлкесінің көркін ашуға аз да болса өз үлестерін қосатын болады.

Тимур Смағұлов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив