ШҚО-да тағы 10 адамнан коронавирус анықталды
ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам ауру белгілерімен анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскеменде 5 адам, Семейде – 2 адам, Тарбағатай ауданында – 2, Күршім ауданында – 1 адам тіркеліп отыр.
Семей қаласындағы науқастардан зертханалық таладулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынған. ЖРВИ және пневмония белгілерімен түскен Өскемен қаласы мен Тарбағатай ауданы тұрғындарынан мониторинг барысында, ал Күршім ауданындағы науқас Түркістан облысынан келген мерзімді әскери қызметші есебінде тексеруден өтуде анықталған.
Облыс аумағында коронавирусты жұқтырғандардың саны 262 адамға жетіп отыр. Сауығып шыққандар саны – 107.