KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталды

5.06.2020, 04:39 265

ШҚО-да тағы 9 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

8 адам Семей қаласында және 2 адам Тарбағатай ауданында тіркеліп отыр.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 6 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, ЖРВИ белгілерімен түскен 2 науқастан мониторинг жасау кезінде, 1 науқастан - денсаулығы нашарлап, жоғары температурамен өз өтініштерімен келген кезде алынған.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Облыс аумағында коронавирусты жұқтырғандардың саны 168 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 57.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу