ШҚО-да коронавирус жұқтырған 46 науқас тіркелді
ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 46 науқас тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Науқастардың ішінде: Семей қаласынан – 17 адам, Өскемен қаласынан – 9 адам, Курчатов қаласынан – 2 адам, Аягөз ауданынан – 3 адам, Тарбағатай, Жарма, Бородулиха аудандарында - 5 адамнан.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 12 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 31 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 3 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 742 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 192.