Өскеменде 13 адамнан коронавирус анықталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/8a9/8a971ef625b0c3a004f2a9657f00388b.jpg)
ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 51 адам ауру белгілерімен анықталды.
Науқастардың ішінде: 10 адам - Семей қаласынан, 13 адам - Өскемен қаласынан, 6 адам - Аягөз ауданынан, 9 адам - Ұлан ауданынан, 5 адам - Бородулиха ауданынан, 3 адам - Абай ауданынан, 2 адам - Күршім ауданынан және Глубокое, Үржар, Бесқарағай аудандарында - 1 адамнан.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 11 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 35 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 5 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 793 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 192.