Коронавирус: ШҚО-да науқастардың саны 800-ден асты
ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 52 адам ауру белгілерімен анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Науқастардың ішінде: 15 адам - Семей қаласынан, 16 адам - Өскемен қаласынан, 10 адам - Аягоз ауданынан, 4 адам - Үржар ауданынан, 3 адам - Глубокое ауданынан, Бородулиха, Катонқарағай аудандарында - 2 адамнан.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 10 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 31 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 11 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 845 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 233.