Өскеменде тағы 18 адамнан коронавирус анықталды
ШҚО-да бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 48 науқас тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның ішінде 20 адам - Семей қаласынан, 18 адам - Өскеменнен, Бесқарағай, Абай аудандарында 4 адамнан, Көкпекті, Ұлан аудандарында 1 адамнан тіркеліп отыр.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 4 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 38 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 6 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Облыс аумағында вирус жұқтырғандардың саны 555 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 172.