KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да 8 азамат Армениядан әкелген көлігін тіркемеген

13.06.2020, 12:29 205

Шығыс Қазақстанда сегіз азамат Армениядан әкелген көліктерін тіркемеген. Олардың барлығының рөлі оң жақта. Ал елде 2009 жылдан бастап оған тыйым салынған.

Оларға 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін уақытша рұқсат берілді. 12 мың теңге мемлекеттік салықты төлеген соң оларға жасыл нөмір беріледі. 10 күн ішінде Шығыс Қазақстанда Армениядан әкелінген 50 көлік тіркелсе, оның сегізінікін тіркеуден бас тартылды. Өйткені рөлдері оң жақта.

- Оң рөлді көліктерді тіркеуге елімізде 2009 жылдан бері тыйым салынған, - деп атап өтті ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев. - Ал рөл оң жақтан сол жаққа ауысытырлса, иесі көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік ұсынуы керек. Сонда ғана тіркеуге алынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив