KZ
Өскемен
-9°
ясно жел 3 м/с, Ю
504.76 593.8 6.5

Қылмыскерлерге бұлтартпау шарасын өзгертуге уәде берген алаяқтарға сот үкімі шықты – ШҚО

Кеше, 15:00 80 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық істі «жеңілдетіп береміз» деп уәде еткен алаяқтар әшкереленді. Олар заңсыз алтын өндіру дерегі бойынша күдікке ілінген азаматтың бұлтартпау шарасын қамаудан жеңілірек түріне ауыстыруға көмектесеміз деген сылтаумен 10 мың АҚШ долларын талап еткен, деп хабарлайды Altainews.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақты оқыла қалтырмызҚМА ШҚО бойынша департаменті жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Самар ауданы аумағындағы «Кенқарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті тоқтатылған болатын. Бұл заңсыз әрекеттердің салдарынан келтірілген экологиялық залал 54 миллион теңгеден асты.

Осы істегі жағдайды пайдаланып, алаяқтар күдіктілердің біріне қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп беруге «ықпал етеміз» деп, ірі көлемде ақша беруге көндірген. Алайда олар ақшаны алу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан ұсталды.

Сот үкімімен аталған тұлғаларға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу