KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды

Бүгін, 14:00 37 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» атты тұжырымдамасы бекітілді. Аталған құжат Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Тұжырымдамада қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында елді ұйыстыруға арналған жаңа қағидаттар мен заманауи тәсілдер айқындалған.

Тұжырымдама этносаралық өзара іс-қимылды жетілдіруді, азаматтық бірегейлікті нығайтуды және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған жүйелі жұмысты көздейді. Сондай-ақ, құжатта Ассамблея институтының рөлін күшейту, оның қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуын арттыру мәселелеріне ерекше мән берілген.

2030 жылға дейінгі даму бағыты қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін жетілдіруге, ел ішіндегі татулық пен өзара түсіністікті сақтауға негізделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу