Бір аптада білім беру саласындағы жемқорлық бойынша 8 іс тіркелді
Өткен аптада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 сотқа дейінгі тергеу амалын тіркеді. 12 шенеунік ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды.
- Өткен аптада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 сотқа дейінгі тергеу амалын тіркеді. 12 шенеунік ұсталды. 15-ке жуық қылмыстық оқиға бірқатар облыстардағы жергілікті атқарушы органдарда, атап айтқанда жер қатынастары және құрылыс, денсаулық сақтау саласында болған. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында білім беру саласында сотқа дейінгі сегіз тергеу тіркелді, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің сарапшысы Сырым Елубаев.
Оның айтуынша, Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы іс-әрекеттерге қатысты, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 30-ға жуық сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.