KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 4 м/с, З
503.44 593.35 6.55

Өскеменде полицейлер тұрғындарға медициналық маска таратты

25.05.2020, 09:02 719

Өскемен полицейлері тұрғындарға тегін медициналық маска таратты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тәртіп сақшылары көшелерді, автобустарды аралап, тіпті кішкентай бүлдіршіндерге дейін медициналық маска сыйлады.

– Осылайша тұрғындарға дәл қазіргі сәтте денсаулыққа көңіл бөлу аса маңызды екенін түсіндіргіміз келді. Өскемендіктер де өзінше риза болысып, жылы лебіздерін білдіріп жатты, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаметі.

Дәл осындай қайырымды акцияны блок-бекеттердегі полиция қызметкерлері де жүргізген екен. Ондағы тәртіп сақшылары 300-ден астам медициналық маска таратқан.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу