KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Қазақстандықтар бір айда 20 млн медициналық маска сатып алған

4.03.2020, 05:21 128

Қазақстанның халқы бір ай ішінде 20 млн медициналық маска сатып алыпты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Қазақстан» телеарнасындағы «Ашық алаң» ток-шоу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министр халықты коронавирус қауіпіне бола байбалам салмауға шақырады. Айтуынша, медициналық масканың сау адамға қажеті жоқ. Ол көпшілік ортада адамдармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерге керек екен. Мысалы, эпидемиолог, шекара пункттерінің жұмысшылары, санитарлар және т.с.с. Бұл сақтық шаралары болып табылады.

Біртанов басқа адамдарға маска киюдің қажеті жоқ екенін алға тартып отыр. Өйткені елді коронавирус жоқ. Ал масканы тек науқас адам ғана киеді екен.

Ақпан айында елімізде 20 млн медициналық маска сатып алыныпты. Бұлардың көбі шетелдерге жіберілген.

- Қазақстанның азаматтары маскаларды сатып алып, почта арқылы шетелге жіберіп жатыр. Сондықтан біз масканы экспорттауды тоқтаттық. Өйткені қандай да жағдай болып жатса, маскалар өзімізге қажет. Қазір соның салдарынан елімізде маска жоқ. Бұл тапшылықты халық өз қолымен жасап отыр, - дейді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив