Өскеменде маска кимегендерді қоғамдық көлікке кіргізбейді
Бүгіннен бастап Өскемендегі қоғамдық көліктерге жолаушылар маскамен ғана кіретін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімдігінде мәлімдеді.
Тұрғындарға трамвай мен автобустарда маска кию міндеттеледі. Маскасыз жолаушыларға қоғамдық көлікке отыруға тыйым салынады. Дегенмен көшеде жүргенде маска кию міндетті талап емес екені айтылды.
Маскалар қазір қаладағы дәріханалардың көбінде сатылып жатыр.
Оқи отырыңыз