KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның әрбір тұрғыны жылына үш жүз литрдей сүт ішеді

24.05.2020, 08:29 246

Статистер өңірдің әрбір тұрғын жылына қанша келі сүт өнімін тұтынатынын есептеп берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы өткен жылы сүт өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша елімізде бірінші орынға шықты.

 – Соңғы бес жылда сиыр сүтін өндіру 20,5%-ға артты: 2015 жылы 789,5 мың тонна болса, 2019 жылы 951,4 мың тоннаға жетті.  Өңір тұрғындарына шағатын болсақ, бір адам жылына 291 келі сүт және сүт өнімдерін тұтынады, – деп мәлімдеді статистика департаменті.

Статистердің сөзіне сүйенсек, қазір аймақ көлемәнде 548,9 мың бас сиыр бар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 17,5 мың, шаруа қожалықтарында 279,1 мың, қарапайым халықтың қолында 252,2 мың бас ірі қара бар. Бір жылда бір сиырдың сүтіненен 3951 келі сүт өнімі өндірілетін көрінеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу