KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
492.22 529.38 5.03

Биыл жаз ыстық болмайды – Қазгидромет

21.05.2020, 11:38 238

«Қазгидромет» мамандары қазан айына дейінгі ауа райына болжам жасады. Олардың мәліметінше, жазда ыстық болмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Болжам бойынша, маусым айында солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыстың кей жерінде жауын-шашын норма шамасында, басқа өңірлерде нормадан төмен болады. Жаздың басым бөлігінде ыстық болмайды, бірақ жаңбыр жауады. Шілдеде ауа температурасы елдің барлық аумағында норма шамасында болады, тамызда температура батыс пен солтүстік-батыстың кей жерінде нормадан 1 градус жоғары болмақ.

2020 жылдың күзі еліміздің көп бөлігінде жылы болады, қыркүйекте Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын нормадан аз түседі, еліміздің солтүстігінде, батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады, қазан айында солтүстік-батыста жауын-шашын нормадан көп түссе, оңтүстік-шығыста норма шамасында болады, республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік-батыс өңірлерінің көп бөлігінде, оңтүстік пен солтүстік-батыстың кей жерінде нормадан аз түседі.

Ескерту: жыл маусымына болжам жасалған кезде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері климат нормасынан ауытқиды, мұндай болжам 60-65% қана дәл келеді. Сол себепті синоптиктер оны ай, онкүндік, апта, тәулік сайын нақтылап отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив