Тамыз айына арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тамызда күннің ұзақтығы өзгереді: солтүстікте – 2 сағатқа, оңтүстікте – 1 сағат 20 минутқа қысқарады.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы шілде айымен салыстырғанда +2, +2,5 градусқа, оңтүстік аймақтарда +1 градусқа төмен болады. Орташа айлық ауа температурасы солтүстікте +16...+20, оңтүстікте +27...+29 градусты көрсетеді. Тауыл аймақтарда +24 градустан +7,5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Жауын-шашын мөлшері қалыпты норма шамасында, тек ШҚО-ның солтүстік-батыс бөлігінде, Алматы облысының таулы өңірлерінде нормадан көп, ал Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде нормадан аз болады деп күтілуде.
Айың бірінші онкүндігінде жауын-шашын жиілейді екен. Батыс-солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста қатты жауынмен қатар, жел де күшейе түседі. Бұл кездегі ауа температурасының ең жоғарғы көрсеткіштері: түнде - +15...+25 градус шамасында, күндіз - +27...+37 градус, оңтүстікте - +40 градусқа дейін.
Екінші және үшінші онкүндіктерде күн ашық, жылы болады деп болжанады. Сынап бағаны солтүстікте түнгі уақытта +12...+20 градустан +7...+15 градусқа дейін, күндіз +23...+30 градустан +15...+23 градусқа дейін, ал оңтүстік және батыста түнде +15...+23 градустан +10...+18 градусқа дейін, күндіз +30...+39 градустан +23...+30 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.