KZ
Өскемен
-13°
туман жел 2 м/с, В
495.28 518.41 5.44

Қыс мезгілі жылы болады

25.10.2019, 06:44 358

Алдын ала болжам бойынша, қыс мезгілі жылы болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде қалыпты ауа температурасынан 1°С градусқа жоғары болады деп болжануда. Тек батыс пен шығыс аймақтарда ауа температурасы қалыпты деңгейде сақталады.

Күз айларында жауын-шашын мөлшері еліміздің көп аймақтарында қалыпты болса, оңтүстік пен солтүстік-шығыста нормадан сәл жоғары болады.

Желтоқсан, қаңтар айлары жалпы алғанда жылы болады. Кей күндері ғана климаттық нормадан 3-5°С градусқа төмендейді. Желтоқсанда жауын-шашын жиілей түседі.

Ақпан айында күн біршама суытып, нормадан 1-2°С градусқа төмен болмақ. Осы айда республиканың ңтүстік-батысында жауын-шашын жиілейді.

Көктем мезгілі күнтізбелік мерзімге сай келеді деп күтілуде. Ауа температурасы нормадан 1°С градусқа жоғары, жауын-шашын мөлшері қалыпты болады.

Маусымды ауа райының сәйкестігі 60-65% ғана екенін ескертеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу