Есірткі таратпақ болған шетел азаматы ұсталды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық және психотроптық есірткі таратқандарды ұстау бойыншы арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Соның нәтижесінде есірткі тарату үшін келген 26 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Тінту барысында одан 500 грамнан асатын «альфа-PVP» деп аталатын психотроптық зат тәркіленді, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шетелдік азамат қамауға алынды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.