KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да тағы бір есірткі қойып кетуші ұсталды

11.11.2022, 11:27 230 Ләззат Қанатқызы

«Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Өскемен қаласындағы Меновное кентінде интернет-дүкеннің екі «курьер-қойып кетушісі» ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі әлі кәмелеттік жасқа толмағаны анықталды.

Тінту жүргізу барысында күдіктілерден электр таспасына оралған 48 буманы тәркіленген. Сараптама нәтижелері бойынша, олардың құрамында 20 грамнан астам "Альфа-пирролидиновалерофенон" психотроптық заты болған.

- Жасөспірім қазір үй қамағына алынған, ал сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу