Бородулиха ауданында құрылыс және жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/5b0/5b05bc62408b61ef828b1a9222e48d6f.jpg)
Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған нысандардағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір ауданда шағын футбол алаңының құрылысы басталды. Сондай-ақ, 6 жылу қазандығында, Н.Островский атындағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардан бөлек аудан басшысы Кеңдала шағын ауданына тартылып жатқан 3-топтық су құбырының жұмыстарын да тексеріп қайтты.
Шілде айында орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары басталмақ.
Айта кетсек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде жұмыс орындары ашылуда. Мысалы, шағын футбол алаңының құрылысына жергілікті 3 тұрғын, қазандықты жөндеу жұмыстарына 6 адам, стадионды жөндеу жұмыстарына 6 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жалпы аталған бағдарлама шеңберінде аудан бойынша 191 адам жұмыспен қамтылса, оның 105-і Жұмыспен қамту орталығынан.