Өскеменде 25 білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстары басталды
Өскемен қаласының 25 білім беру нысанында 58 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл мақсаттарға Жұмыспен қамтудың жол картасының шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.
Атап айтқанда, № 62 балабақша ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 57 білім беру нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, белсенді жүргізілуде, оның ішінде 17 мектепте (№ 2, 3, 5, 6, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 24, 26, 32, 35, Ахмер орта мектебі., Меновное орта мектебі, Интернат), 7 балабақшада (№ 2, 5, 9, 11, 18, 61, 62) және 1 қосымша мекемеде (Жас техниктер станциясы).
Аталған жобалар бойынша 605 жұмыс орыны құрылып отыр, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 316 адам (50%) жұмыспен қамтылды.