ШҚО-да ТҮКШ саласында 214 жоба жүзеге асырылды
ТҮКШ саласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 214 жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазановтың айтуынша, облыста сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру және ағымдағы жөндеу бойынша 49 жоба, жылумен жабдықтау объектілері бойынша 18 жоба, электрмен жабдықтау бойынша 5 жоба және абаттандыру бойынша 142 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 214 жобаның 202-сі бойынша жұмыстар аяқталған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта құру және ағымдағы жөндеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.
- Өскемен, Семей, Алтай қалаларында, сондай-ақ Аягөз, Абай, Тарбағатай, Бородулиха, Шемонаиха, Бесқарағай, Жарма және Зайсан аудандарының сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, Аягөз, Бородулиха, Катонқарағай, Ұлан және Алтай аудандарының жылумен жабдықтау және жылу көздері желілеріне, Риддер қаласында және Үржар, Ұлан аудандарының электрмен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді өтті Нұрлан Рамазанов.
Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Балалар, футбол алаңдары, хоккей корттары мен воркаут алаңдары орнатылды, саябақтар мен скверлерді көгалдандыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстың барлық қалалары мен аудандары абаттандырылды.
Бағдарламаны іске асырудың арқасында 4430 адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде 2216 – уақытша, 238 - тұрақты және 1976 – жұмыспен қамту орталығынан.