Өскеменнің төрт білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстары аяқталды
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жөндеу жұмыстары жоспарланған 25 нысанның 21-інде жұмыс қызу жүріп жатыр.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» негізінде 25 білім беру нысандарында жөндеу жұмыстарының 58 түрі жүргізіледі. Бұл №62 балабақшасындағы күрделі жөндеу, атап айтқанда шатырды жөндеу, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде және бір қосымша ұйымдағы ірілі-ұсақты 57 жөндеу жұмысын қамтиды.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары биыл қаланың 17 мектебінде жүргізілмек. Олар: № 2, 3, 5, 6, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 24, 26, 32, 35, Ахмер орта мектебі, Меновное орта мектебі, интернат, жеті балабақша (№. № 2, 5, 9, 11, 18, 61, 62), сондай-ақ жас техниктер стансасы.
«Қазіргі уақытта 54 келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілуде, төртеуі аяқталды», - деді Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан. - Бұл №5 және 15 мектептердегі, сондай-ақ Меновное ауылдық мектебіндегі шатырды жөндеу және №5 балабақшадағы жылу жүйесін жөндеу жұмыстары болған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында аталған жұмыстарды атқаруға республикалық бюджеттен 825 млн 990 мың теңге бөлінді. Бұл үшін 318 уақытша жұмыс орны құрылып, жұмыссыздар жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты. Негізінен сылақшы, электрик, сантехник, дәнекерлеуші, терезе шеберлері және тағы да басқа кәсіптік маман-жұмысшылар бар.