Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтай ауданында нысандар жаңартылуда. Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов мәлімдеді.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар нысандар 30-40 жыл жөндеу көрмепты.
- Ауданымызда әлеуметтік маңызды объектілерді жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазір жаяу жолдарды қалпына келтіру, көпқабатты үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйым қазір Алтай қаласы Космонавтов көшесіндегі аулаларға жөндеу жүргізуде. Жақында көпқабатты үйлердің аулаларына асфальт төселіп, жаңа алаңдар мен көлік тұрақтары салынады. Аудан бойынша ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 47 жоба іске асырылады, - дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонысов.
Бұған дейін кешкісін аулада серуендегенді қойып, жәй отырудың өзі қиынға түскен аумақ бүгінде шөп-шалаңдардан толықтай тазартылуда. Ал тұрғындар болса, аулаларының жаңаша бейнеге еніп келе жатқанына дән риза.