«Мен оралдым». Майк Тайсон жанкүйерлерін жаттығуымен таңғалдырды
Америкалық танымал боксшы Майк Тайсон Instagram-да өз жаттығуларының бейнежазбасын жариялап, рингке оралғысы келетінін жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Видеодан 54 жастағы спортшының өз бапкерімен жаттыққан сәтін, жасаған жойқын соққыларын көруге болады.
«Іске ақылмен кіріссең, бәрі мүмкін болады. Ақылмен жаттығыңыз. Ақылмен қалыпқа келуге болады», - деп жазды Тайсон желіде.
«Мен оралдым», деді боксшы видеоның соңында. Тайсонның бейнежазбасын тамашалау үшін сілтемеге өтіңіз:
https://www.instagram.com/p/CADjPgOl_Nw/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again
Оқи отырыңыз