KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Головкин ең танымал боксшылардың тізіміне кірді

31.12.2019, 16:42 166

Геннадий Головкин кәсіпқой боксшылар арасында Instagram желісіндегі ең танымал боксшылардың қатарына кірді. Ол жетінші орында тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасына қазір 3 889 656 адам жазылған.

Аталмыш тізімде америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер көш бастайды. Оның парақшасына жазылған адам саны - 23 миллион. Екінші орында 10,7 миллион жазылушысы бар британиялық боксшы Энтони Джошуа тұр. Үшінші орынға Майк Тайсон шықты -  8,9 миллион.

Instagram желісіндегі ең танымал боксшылар тізімі:

Кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) - 22,9 миллион (22 956 856); Энтони Джошуа (Ұлыбритания) - 10,7 (10 797 968); Майк Тайсон (АҚШ) - 8,9 (8 923 583); Сауль "Канело" Альварес (Мексика) - 6,3 (6 391 519); Мэнни Пакьяо (Филиппины) - 5,6 (5 635 855); Райан Гарсия (АҚШ) - 4,4 (4 441 580); Геннадий Головкин (Қазақстан) - 3,8 (3 889 656); Мухаммед Али (АҚШ) - 3,4 (3 411 043); Деонтей Уайлдер (АҚШ) - 2,5 (2 529 968); Тайсон Фьюри (Ұлыбритания) - 2,5 (2 503 56).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу