ШҚО-да тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Жаңа жағдай Семей қаласында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
27 сәуір күні 67 жастағы Семей тұрғыны «пневмония» диагнозымен ауруханаға түскен. Коронавирусқа жасалған анализдің қорытындысы оң болып шықты.
- Қазіргі таңда әйел адам инфекциялық стационарға жатқызылып, оқшауланды. Тиісті ем-шаралар алуда. Жағдайы орташа ауыр, - деп жазылған облыстық әкімдіктің хабарламасында.
Вирус жұқтырған семейлік науқастың ел аумағынан шықпағаны белгілі болды.
ШҚО бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 17 адамға жетті.
Оқи отырыңыз