KZ
Өскемен
-11°
ясно жел 1 м/с, С
504.76 593.8 6.5

ШҚО-да коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

13.04.2020, 10:53 1 308

Семейде коронавирус жұқтырған 40 жастағы әйел адам тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл - ШҚО-дағы COVID-19 инфекциясын жұқтырған 8-ші науқас.

- Ол 12 сәуірде ЖРВИ белгілерімен және жағдайының нашарлауы себепті жедел жәрдем шақырып, артынша провизорлық стационарға жатқызылды. COVID-19-ға талдама алынып, оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Байланыста болған 48 адам анықталды. Жақындары карантиндік стационарға, ал болжамды байланыста болғандар үй карантиніне оқшауланды, - деп мәлімдейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу