KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Тарбағатай ауданынан коронавирус шықты

3.05.2020, 17:04 118

ШҚО-да COVID-19 тағы 1 фактісі расталды. 1965 жылғы әйел адам - Тарбағатай ауданының тұрғыны, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Вирусты пневмония диагнозымен провизорлық стационарға түскен науқас дереу коронавирусқа тексерілген. ПТР әдісімен жүргізілген талдаулар COVID-19-дың оң нәтижесін көрсетті.

Қазіргі уақытта ол инфекциялық ауруханада ем қабылдауда. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Науқастың облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпағаны белгілі болды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Бүгін ШҚО аумағында осымен алтыншы науқас тіркеліп отыр.

Жалпы облыс бойынша осы сәтке 29 КВИ жағдайы тіркелген, оның 3-уі сырттан әкелінген. Аумақтық таралуы бойынша 7 жағдай Өскемен қаласына, 19 жағдай Семей қаласына, 1 жағдайдан Абай, Глубокое және Тарбағатай аудандарына тиесілі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу