ШҚО-да коронавирус жұқтырған тағы бір оқушы тіркелді
ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны алты адамға жетті. Инфекция 13 жастағы оқушыдан анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тек соңғы үш күнде өңірде 3 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ауырғандардың ішінде екі жасөспірім бар.
Бүгін Семейде 2007 жылы туған тағы бір оқушыда коронавирус расталды. Ол бұған дейін осы диагнозбен стационарға түскен 2006 жылғы науқастың бауыры екен. Онымен жақын байланыста болғандықтан, 5 сәуірде COVID-19-ға тексеріліп, оң нәтиже көрсетіп отыр.
Екі бала да инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайлары орташа дәрежеде. Кеңейтілген эпидтергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз