KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Ұлттық ұлан "ұрыны" ұстады - Өскемен

21.04.2020, 05:33 272

"Өскеменде әскери қызметкерлер ұрыны қолға түсірді", деп хабарлайды "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

20 сәуір сағат 17:00 шамасында Өскеменен қалалық жедел басқару орталығының «102» нөміріне Н. есімді азамат хабарласып, сағат 16.10 шамасында белгісіз біреу Мызы көшесіндегі үйдің артындағы қоймасының құлпын бұзып, тауға арналған велосипед пен затқа толы сөмкесін ұрлап кеткенін айтып арызданған. Шығын көлемі шамамен 200 мың теңге.

Жедел іздестіру шаралары барысында 5518 әскери жасағы бастығы сержант Азат Ульянов пен қатардағы Шаим Вжитов шұғыл іс-әрекеті арқасында 1976 жылғы Т. есімді күдікті қолға түседі.

"Өскемен қалалық Үлбі полиция бөліміне жеткізілген күдікті қылмыстық әрекетке барғанын мойындады", - деп жазылған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз ақпаратында.

Аталған факт ҚР қылмыстық кодексінің 188 бап «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив