KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Семейдегі 5511 әскери бөлімінің сақшылары ұрыны ұстап алды

25.11.2020, 17:26 373
Семейдегі 5511 әскери бөлімінің  сақшылары  ұрыны құрықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

  23 қараша күні  ұры Жамбыл көшесі бойында орналасқан  «Турист» қонақ үйіндегі  есігі құлыпсыз қалған бөлмелердің біріне белгісіз біреу  жасырын  кіріп,  құны 160 000 тұратын «Samsung A»    мобильді телефонын жымқырған. 

Ұландықтар бақылау бейнекамерасына сәйкес күдіктіні   іздестіру шараларына  дереу кіріскен. Әскери жасақ бастығы  лейтенант  Данияр  Сапарханов  пен  сақшылар қатардағы  Мирас Талапбек  және  Нұрсұлтан  Әлібек  Әуезов даңғылы бойында  түр-сипаты сәйкес келетін күдіктіні қолға түсіреді. Бірден  Әуезов полиция бөліміне жеткізілді.

   Сондай-ақ,  24 қараша күні   сағат  20.45 шамасында .Семей полиция басқармасының    жедел басқару орталығының «102»  нөміріне  азамат М. хабарласып,   жасы  30 шамасындағы белгісіз біреу Засядко көшесі бойындағы сауда орталығында арақ-шарап бөліміндегі  №17 бутигі кассасынан 16500 теңге ақша ұрлағандығын айтып, шағымданған.  Ұрының ақшаны жымқыру сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Дереу іздестіру шарасына кіріскен  5511 әскери бөлімінің әскери жасағы Шәкәрім даңғылы бойында торауылдау барысында капитан  Әділет  Сағидоллаев  күдіктіні қолға түсіріп, орталық полиция бөліміне жеткізеді. Тергеу барысында екі  күдікті де қылмыстарын мойындады.
Аталған фактілер  ҚР ҚК  188 бабы (ұрлық), 3 және 1 тармақ бойынша сотқа дейінгі  тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне  тіркелді.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив