ШҚО әкімі мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті
ШҚО әкімі Даниал Ахметов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Аймақ басшысы өңірдегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус инфекциясымен күресте қолға алынған шаралар мен оның таралуының алдын-алуға бағытталған жұмыс барысы туралы баяндады.
Даниал Ахметов облыста 182 мыңнан астам шығысқазақстандық 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алғандығын жеткізді.
Сонымен қатар, 20 мың жұмыс орнын құруға бағытталған «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды, жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу жобаларының басты назарда екенін айтты.
Облыс әкімі көктемгі егіс жұмыстарының дайындық шараларына да тоқталды. Қазіргі таңда аймақта ауылшаруашылық техникалары мен тауарлары «жасыл дәліз» қағидаты бойынша жеңілдетілген тәртіп арқылы тасымалдануда.