KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 6 м/с, В
441.66 475.14 4.86

ШҚО әкімі Президенттің қабылдауында болды

5.09.2020, 21:15 189

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақ басшысы өңірдің ағымдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы салаларындағы шаралар кешенін біріктірген келер жылдың қысқа мерзімді жоспарын баяндады.

Президент денсаулық сақтау саласының әлеуетін және коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайындықты арттыру қажеттігін атап өтті.

Бүгінде ШҚО-да Президент тапсырмасымен тұрақтандыру қоры құрылып, инфекциялық төсек орын 10 есеге артты. 18 млрд теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынуда.

Сонымен қатар, қабылдауда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында жоспарланған жұмыс нәтижелері туралы, ауыл шаруашылығы саласында болған құрылымдық өзгерістер, "Жұмыспен қамту жол картасы" барысы мен Өскемен-Талдықорған, Семей – Майқапшағай жолдарын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспары жайлы айтылды.

Мемлекет басшысы Жолдаудың басым бағыттарын уақтылы іске асыруды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз етуді және аграрлық саланың экспорттық әлеуетін арттыруды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив