KZ
Өскемен
-15°
небольшой снег жел 1 м/с, В
514.31 603.03 6.4

ШҚО әкімі Үржар ауданына іссапармен барды

20.04.2020, 02:13 1 844

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Үржар ауданына жұмыс сапарымен барып, диқандармен кездесіп, егіс науқанының дайындығымен таныстым. Биылдан бастап біздің облыс соя және жүгері өндірісін ұлғайтады. Үржар ауданының бұл бағытта әлеуеті жоғары. Қолайлы климат, топырақ сапасы толық көлемде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деп жазды облыс әкімі.

Алдағы уақытта ауданда "Жұмыспен қамту жол картасының" бағдарламасының аясында 684 жұмыс орны ашылмақ екен.

43 инфрақұрылымдық жоба ішінде мектептерді, ауруханаларды, мәдениет пен спорт нысандарын жөндеу қарастырылған. 14 мектепте ішкі дәретханалар, кәріздер орнатылады. Үржардың 22 км жолын, Егінсу мен Қызылту ауылдарына дейінгі автожолдарды орташа жөнделеді. Алакөл жағалауындағы су құбыры, электр желілері құрылысын басталады.

Сондай-ақ, биыл аудан орталығындағы бассейн, Мақаншыдағы спорт модулі аяқталады. Даниал Ахметов абаттандыру, жол жөндеу жұмыстарына қосымша 500 миллион теңге бөлуді, бюджеттен жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысына 200 миллион теңге қарастыруды тапсырып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу