KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

15.04.2020, 05:22 420

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2020 жылдың мамырында үш бірдей мемлекеттік мереке бар. Айталық, биылғы күнтізбеде жұмаға дөп келетін 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 7 мамыр, бейсенбіде – Отан қорғаушылар күні тойланбақ. 9 мамыр – Жеңіс күні екені белгілі. Жеңістің 75 жылдығы сенбі күніне сәйкес келеді. 9 мамыр сенбіге түскендіктен, 11 мамыр жұмыс күні болмауы тиіс. Алайда үкімет мереке күндерін бекіту кезінде демалысты 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырған. Сондықтан ел тұрғындары 7-10 мамыр аралығында демалады. 

Бескүндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін тұрғындар 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 23, 24, 30 және 31 мамыр күндері демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер 1, 3, 7, 9, 10, 17, 24 және 31 мамырда демалады. Осылайша сенбі-жексенбіні қоса есептегенде, қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады. Ал жалпы жыл көлемінде 119 демалыс күні бар.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу